Оқу уақыты: 1 мин

«Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» жеңді

«Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Атырау» командасымен кездесті.

Ойынның 6-шы минутында Дәурен Жұмат қақпа алдына берілген пасты голға айналдырып, «Оқжетпеске» есеп ашты. Үзілістен кейін Дәмір Марат қақпашымен жеке шығып, командасының басымдығын еселеді.

Матчтың соңында «Атырау» ойыншысы Матеус Барбоса баспен гол соғып, есепті қысқартты — 2:1.

Екі турдың нәтижесінде «Оқжетпес» пен «Атырау» командалары үш ұпайдан жинап, турнир кестесінде теңесті.