21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Оқжетпес» легионер алуға қарсы емес

Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, көкшетаулық «Оқжетпес» клубтың трансферлік саясатында елеулі өзгерістерге дайындалуда.

Бұған дейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов нақты ереже белгілеген. Яғни команда тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетуі керек, алайда клуб басшылығы ауысқаннан кейін жағдай өзгерді.

Бұрынғы директор Ерлан Жамантаев кезінде көк-ақтар жергілікті ойыншылармен күшейту бағытын ұстанған. Енді ұлттық құрама шабуылшысы Мұрат Тлешев келгеннен кейін клуб даму бағытын өзгертуде.

Клубқа жақын дереккөз хабарлағандай «көкшетаулықтар» қазіргі уақытта шетелден екі әлеуетті жаңа ойыншымен келіссөздер жүргізуде:

  • орталық қорғаушымен
  • шабуылшымен