Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Оқжетпес» хорватиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

Көкшетаулық «Оқжетпес» қазақстандық 24 жастағы шабуылшы Владислав Прокопенко және 29 жастағы хорватиялық қорғаушы Франьо Прцемен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Владислав Прокопенко – «Астана» түлегі. Өткен маусымда шабуылшы «Жеңіс» сапында өнер көрсетіп, Премьер-лигада 13 матч өткізген.

Хорватиялық қорғаушы Франьо Прце мансабын Сплиттің «Хайдук» және италиялық «Лацио» командаларында бастады. Ойыншының мансабында кипрлік «Омония», украиналық «Карпаты», хорватиялық «Вараждин» және «Славен», сондай-ақ словениялық «Копер» және болгариялық «Спартак» бар. Ол сол жақ қорғаушы және орталық қорғаушы ретінде ойнайды.