Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Oktagon 69 турнирінде неміс файтері спорттық әдепті бұзғаны үшін октагоннан қуылды

Дортмундте өткен Oktagon 69 турнирінің басты жекпе-жегінде неміс файтерлері Макс Хольцер мен Дениз Илбай арасындағы айқас дау-дамаймен аяқталды.

Төртінші раундта Хольцер тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті, содан кейін жеңілген қарсыласын аяғымен теуіп, спорттық әдепті бұзды. Мұндай әрекетке ашуланған Илбай бірден шабуылға шығып, қарсыласын октагоннан сыртқа лақтырып жіберді.

Хольцер үшін бұл кәсіби мансабындағы жеңілісі жоқ он бірінші жеңісі болса, Илбай сегіз жеңісі кезінде екінші рет жеңілді. Айта кетейік, Oktagon промоушенінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетеді.