24.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

«Ойын тең есеппен аяқталуы мүмкін» — сарапшы «Бенфика» — «Бавария» матчы туралы

«Ойын тең есеппен аяқталуы мүмкін» — сарапшы «Бенфика» — «Бавария» матчы туралы

Маусымның 24-нен 25-не қараған түні Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында «Бенфика» мен «Бавария» кездеседі. 6 ұпайы бар немістер плей-оффқа жолдама алып қойған, ал еншісінде 4 ұпайы бар португалдықтар осы ойында жеңіске жетсе, келесі кезеңге бірінші орыннан шыға алады .

Спорт журналисі Всеволод Хван Sport Pulse порталына алдағы матчқа қатысты пікір айтты.

 — «Бавария» мен лиссабондық «Бенфика» арасындағы матч плей-оффқа өтетін екінші команданы анықтайды. «Бавария» екі жеңістің арқасында келесі кезеңге жолдаманы алдын ала алып қойған. Ал «Бенфиканың» «Бока Хуниорстан» үш ұпай артықшылығы болса да, бұл басымдық аргентиналықтар үшін қиындық тудырмайтыны анық. Себебі олар соңғы турда осы турнирдің ең әлсіз командасы – екі ойында 16 гол жіберіп алған Жаңа Зеландияның «Окленд Ситиіне» қарсы ойнайды.

Сарапшының пікірінше, бәрін гол айырмашылығы, дәлірек айтсақ – соғылған доптар саны шешуі мүмкін.

 — Екі еуропалық клуб үшін ең қолайлы нәтиже – тең ойын, бұл жағдайда «Бенфика» плей-оффқа шығады. Ал жеңіс оларға топтан бірінші орынмен шығуға мүмкіндік береді. Бірақ С тобында бірінші орынды иелену 1/8 финалда «Челсиге» қарсы ойнауды білдіреді. Меніңше, Бавария» мен «Бенфика» екі тарапты да қанағаттандыратын нәтижеге келіседі. Ойын не 2:2, 3:3 есебімен тең аяқталады, не «Бенфика» 2:1 немесе 3:2 есебімен жеңіске жетеді. Екінші жолдаманың тағдыры «Бенфика» ойыншыларының өз қолында. Ал «Бока» болса басқа матчтың нәтижесіне тәуелді. Тіпті 30 гол соқса да, бұл оларға көмектеспейді.

Матч АҚШ-тың Шарлотт қаласындағы «Банк оф Америка» стадионында өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!