25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Офри Арад осы маусымнан кейін «Қайраттан» кетеді

Офри Арад осы маусымнан кейін «Қайраттан» кетеді

Израильдік футболшы Офри Арад «Қайрат» сапында енді алаңға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Vesti порталының мәліметінше, «Интер» қақпасына гол соққан жартылай қорғаушының келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. «Қайрат» израильдік футболшымен келісімшартты ұзартпайды. Алматылықтар қазір оның орнына жаңа ойыншы іздеуде.

Ол UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі төртінші турындағы Италияның «Интер» командасы қақпасына (1:2) гол салған еді.

Офри Арад 1998 жылы дүниеге келген. 2017 жылдан бері өз елінің «Маккаби» (Хайфа), «Хапоэль» (Рамат-Ган) клубтарында доп тепті. 2024 жылдан бері алматылық клуб сапында ойнап келеді.