03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстанның белгілі боксшысы Қазақстан құрамасына ауысуы мүмкін

Өзбекстанның белгілі боксшысы Қазақстан құрамасына ауысуы мүмкін

Журналистер Уалихан Қосанбай мен Олжас Байбосын «Бірінші Бол» youtube-арнасының эфирінде Өзбекстан құрамасынан бір боксшының Қазақстан командасына ауысатыны туралы хабарлады.

Интрига болсын: жақын арада Өзбекстан құрамасынан бізге бір боксшы ауысуы мүмкін, — деді журналистердің бірі, спортшының есімін әзірге жария етуге болмайтынын қосты.

Өзбек құрамасынан қазақ боксшыларының ауысу тарихы бар — Пекин олимпиадасының чемпионы Бахыт Сәрсекбаев 2004 жылы спорттық азаматтығын ауыстырса, әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов 2001 жылы қазақстандық командаға өткен, ал Аман Қоңысбеков бір жарым жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған.