28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокстан Өзбекстан құрамасы Астанаға Әлем кубогына келді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бокстан Өзбекстан құрамасы  Астанаға Әлем кубогына келді

2025 жылғы 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтетін бокстан Әлем кубогына қатысу үшін Өзбекстанның әйелдер құрамасы Қазақстан астанасына келіп жетті. Турнирге әлемнің 30-дан астам елінен спортшылар қатысады.

Өзбекстан құрамасы сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азиза Якубова, сондай-ақ халықаралық жарыстарда топ жарған Жасмин Такирова мен Азиза Закирова бар.

Айта кетейік, Өзбекстанның ерлер құрамасы бұл жолы жарысқа қатыспайды. Бұл команда Қазақстан үшін тұрақты әрі мықты қарсылас саналып келген еді.