09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстандық боксшы Хабибуллаев Эйндховенде Азия чемпионы қазақстандықты жеңді

Өзбекстандық боксшы Хабибуллаев Эйндховенде Азия чемпионы қазақстандықты жеңді

Эйндховендегі Eindhoven Box Cup турнирінде Өзбекстаннан келген Тұрарбек Хабибуллаев қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбайды жеңді — деп хабарлайды Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық кездесуде өзбек спортшысы қазіргі Азия чемпионынан айқын басымдылық көрсетті.

Тұрабек Хабибуллаев бүгінгі күнді тамаша жеңіспен аяқтады. Көршіміздің өкілі Тұрабектен әлсіздеу болып шықты, — деп атап өтті Федерацияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай өткен жылы Чиангмайдағы Азия чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.