30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасының бұрынғы футболшысы Қазақстанмен стадиондарды салыстырды

Өзбекстан құрамасының бұрынғы футболшысы Қазақстанмен стадиондарды салыстырды

Өзбекстан құрамасының бұрынғы футболшысы Сервер Джепаров «Футбол Жолы» YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанның футбол инфрақұрылымы туралы өз пікірін білдірді.

Спортшы 2018 жылы «Жетісу» сапында өнер көрсетіп — талдықорғандық клуб құрамында бес матч өткізіп, бір гол соққан болатын.

«Сол кезде кәсіби лигада үш стадион болды — „Тобыл», „Қайрат» және „Астана-Арена». Талдықорғанда орташа стадион болды. Өзбекстанды алатын болсақ — бізде кәсіби лигада бір трибуналы стадиондар жоқ», — деді Джепаров.