04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті

Өзбекстан құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті

Футболдан Өзбекстанның әйелдер құрамасы Үндістан құрамасымен қатарынан екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3 маусым күні өтіп, 55-минутта Нилуфар Кудратова соққан жалғыз голдың арқасында 1:0 есебімен Өзбекстан құрамасының минималды жеңісімен аяқталды.

Осылайша, өзбек футболшылары 30 мамырда өткен бұл командалар арасындағы алғашқы жолдастық кездесудің нәтижесін қайталады.