02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасы Thailand Open медаль санағында Қазақстаннан озды

Өзбекстан құрамасы Thailand Open медаль санағында Қазақстаннан озды

Өзбекстан бокс федерациясының мәліметінше, Бангкокта Thailand Open-2025 халықаралық турнирі аяқталды.

Өзбекстан құрамасы — 16 медальмен командалық есепте көш бастады: 5 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлде. Қазақстан командасы екінші орынға жайғасты — біздің боксшыларда 12 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс және 5 қола.

Әдеттегідей, біздің құрамаға медаль саны бойынша тең келетін ешкім болған жоқ. Бізден кейін Қазақстан боксшылары, — деп атап өтті Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.