11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан әлем чемпионатының іріктеу ойынында Катарды ойсырата жеңді

Өзбекстан әлем чемпионатының іріктеу ойынында Катарды ойсырата жеңді

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 10-шы турында Катар командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Әзізбек Тұрғынбаев 28-ші минутта есеп ашса, Елдор Шомұродов 86-шы минутта командасының басымдылығын арттырды. Ойынның соңғы нүктесін қосымша уақыттың екінші минутында Игорь Сергеев қойды.

Тимур Кападзе шәкірттері үшін бұл соңғы 13 ойындағы алғашқы ірі жеңіс болды — команда осыған ұқсас нәтижеге екі ай бұрын Гонконгпен ойында қол жеткізген еді.

БАӘ-мен тең ойнаған Өзбекстан өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Команда Иран мен КХДР арасындағы ойын нәтижесін күтіп, А тобында көш бастап тұр.