14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбек журналистері Қазақстан мен Өзбекстанның футбол нарықтарын салыстырды

Өзбек журналистері Қазақстан мен Өзбекстанның футбол нарықтарын салыстырды

Өзбекстандық спорт журналистері Яхьяходжа Улугходжаев пен Бекзод Исаев Sports.uz YouTube арнасының эфирінде екі елдің трансферлік нарықтарына талдау жасады.

Талқылау Өзбекстан құрамасының сәтті өнер көрсетуі аясында өтті — Тимур Кападзе басқарған команда БАӘ-мен тең ойнап, әлем біріншілігіне мерзімінен бұрын іріктелді.

«Біздің нарықта ресейлік агенттерден басқа агенттер жоқ. Бізде ресейліктермен бәсекелесе алатын жергілікті агенттер жоқ. Көптеген талантты ойыншыларымыз Ресейге барып, кері қайтып келді», — деді Улугходжаев.

«Неліктен басқа елдердің агенттері Қазақстанға келеді? Себебі Қазақстан УЕФА-ға, ал Өзбекстан АФК-ға кіреді. Қазір Өзбекстан әлем чемпионатына шықты, енді бізге де Қазақстандағыдай әлемнің түкпір-түкпірінен футбол агенттері келеді деген үміт бар», — деп атап өтті Исаев.