24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі «Барыс» жүйесіне оралуы мүмкін

Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі «Барыс» жүйесіне оралуы мүмкін

Shaiba.kz мәліметінше, Өскемен хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Максим Мусоров астаналық «Барыс» жүйесіне қосылуы мүмкін.

Өткен маусымда 24 жастағы шабуылшы шотландық «Файф Флайерз» құрамында өнер көрсетті — онда ол Британия элиталық лигасының негізгі біріншілігінде он екі ойында жеті ұпай жинады. Кейін шабуылшы Өскемен «Торпедосына» ауысып, Pro Hokei Ligasy-дың негізгі біріншілігінде он кездесуде он бір ұпай еншіледі.

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде Мусоров одан да нәтижелі ойын көрсетті — он алты ойында он үш ұпай жинады. Хоккейшінің «Барыс» жүйесінде өнер көрсету тәжірибесі бар екенін атап өту керек — шамамен жеті жыл бұрын ол кәсіби мансабын осында бастаған.