27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Өсек-аяң деңгейінде қалып қояды»: Нұрсұлтан Құрман спорт журналистері жайлы пікір білдірді

«Өсек-аяң деңгейінде қалып қояды»: Нұрсұлтан Құрман спорт журналистері жайлы пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Спорт Пульс YouTube арнасына берген сұхбатында елдегі спорт журналистері жайында пікір білдірді.

Біздің журналистер подкаст барысында «келісілген матчтар ойналды» деп пікір айтып жатады. Бұл туралы айтқан – Ермұхаммед Мәулен. Мен Ермұхаммедтің өзіне де айтқым келеді: егер біз осындай мәлімдеме жасайтын болсақ, оны нақты дәлелдермен келтіруіміз керек.

Ол Қазақстандағы командалардың 90%-ы келісілген матч ойнайды деп айтты. Егер бұл рас болса, онда оны дәлелдейтін нақты графика, бейнематериалдар мен деректер ұсынылуы тиіс. Сол кезде бұл – шынайы журналистік зерттеу болмақ.

Алайда қазіргі таңда біз тек подкаст деңгейінде қалып отырмыз. Егер осы үрдіс жалғаса берсе, онда бұл айтылған пікірлер өсек-аяң деңгейінде қалып қояды. Жанкүйердің аузынан шыққан әңгімені тек камера алдында қайталап айту – бұл журналистика емес, — деді Нұрсұлтан Құрман өз сөзінде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!