18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ньюкасл Юнайтед» Лига кубогындағы жеңісі жанкүйерлер арасында дау тудырды

«Ньюкасл Юнайтед» «Ливерпульмен» өткен ойында Ағылшын лига кубогын жеңіп алып, 70 жылға созылған трофейсіз кезеңді аяқтады. Бұл оқиға жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды.

«Ньюкасл Юнайтед спорттық жуудың қарсы» (NUFCFAS) жанкүйерлер тобы Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) иелік ететін клубтың бұл жеңісіне алаңдаушылық білдірді.

«Ньюкаслдың жеңісі адам құқықтарын бұзатын режимнің және олардың спорттық жуу жобасының жеңісі ретінде қарастырылады. Көпшілік үшін бұл ұлы күн, бірақ біз үшін ол клуб иелерімен көмескіленген», — делінген NUFCFAS мәлімдемесінде.

Сауд Арабиясы билігіне қатысты негізгі сындардың қатарында адам құқықтарының бұзылуы, әйелдердің құқықтарын шектеу, гомосексуалдықты қылмыс деп тану, сөз бостандығына тыйым салу және өлім жазасын қолдану бар.

Дегенмен, көптеген жанкүйерлер спорттық жетістіктерді саясатпен байланыстырмауға шақырады. Олардың пікірінше, қазіргі футбол индустриясы ірі инвестицияларға — мейлі ол мұнай мемлекеттері болсын, мейлі алпауыт корпорациялар болсын — тәуелді болып отыр.