05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ньюкасл» Шешко үшін «Лейпцигке» 90 миллион еуро ұсынды

«Ньюкасл» Шешко үшін «Лейпцигке» 90 миллион еуро ұсынды

The Athletic мәліметі бойынша, «Ньюкасл» «РБ Лейпцигке» Беньямин Шешконың трансфері бойынша жақсартылған ұсыныс жіберді — 80 миллион еуро тұрақты сома және 10 миллион еуро бонус ретінде.

Неміс клубы бұған дейін «сауысқандардың» 75 миллион еуро және қосымша бес миллион еуро бонус түріндегі ұсынысынан бас тартқан болатын — жаңа шарттар бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Словениялық шабуылшы үшін күреске «Манчестер Юнайтед» те қосылуы мүмкін — манкундықтар ойыншыға қызығушылық танытуда, бірақ әзірге ресми ұсыныс жасаған жоқ.

Өткен Бундеслига маусымында Шешко 33 матч өткізіп, 13 гол соқты.