Оқу уақыты: 2 мин

Ньюкасл – Эвертон: АПЛ ойынына болжам (25.05.2025)

Ньюкасл – Эвертон: АПЛ ойынына болжам (25.05.2025)

Жексенбі, 25 мамыр күні Астана уақытымен 20:00-де Ньюкасл қаласындағы «Сент-Джеймс Парк» стадионында Англия Премьер-лигасының 2024–2025 жылғы маусымының қорытынды 38-тур аясында жергілікті Ньюкасл клубы Ливерпульдік Эвертонды қабылдайды. Қожайындар турнир кестесінің төртінші сатысында орналасқан және чемпионаттың қола жүлдесін иелену мүмкіндігі бар, бірақ сонымен қатар үздік алтылықтан да шығып қалуы ықтимал. Қонақтар 13-орында тұр және өз орындарын еш өзгерте алмайды.

Ньюкасл – Эвертон матчына болжам жасай отырып, алаң иелерінің турнирлік мотивациясының жоғары екенін ескереміз. Олар букмекерлерге де айқын фаворит саналады. «Сороктар» жеңісіне бәс тігу коэффициенті – 1.34, тең ойын – 5.70, ал «иристердің» жеңісі – 8.65. Жалпы гол саны 2.5-тен көп болады деген бәс коэффициенті – 1.53, яғни, нәтижелі ойын күтіледі. Екі команда да гол соғады деген болжамға коэффициент – 1.84.

Ньюкасл

Футбол лигасының Кубогын жеңіп алғаннан кейін Эдди Хау командасы соңғы екі айды жаман өткізген жоқ. Соңғы тоғыз турда алты жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп қалды. Ньюкасл Юнайтед маусымның соңғы туры алдында 66 ұпайы бар үш команданың қатарына енді. Дәл осы шешуші турда келесі маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасына үш жолдаманың тағдыры шешіледі.

«Қара-ақтар» өз алаңында өте сенімді ойнайды. 18 матчтың 12-сінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңілген. Үйдегі ойындарда команда орта есеппен әр матчта 2.22 гол соғып, 1.06 гол жібереді.

Эвертон

Қаңтар айында команданы қолына алған Дэвид Мойестің ұжымы турнир кестесінің төменгі бөлігінде әділетті түрде орналасқан. «Көкдердің» басты мәселесі – шабуылдағы нәтижеліліктің төмендігі. Қонақтағы матчтарда Эвертон орта есеппен 0.83 гол соғады. Бұл командада Абдулайе Дукуре, Бету, Илиман Ндиайе сияқты шабуылдаушы бағыттағы сапалы ойыншылар болғанына қарамастан.

Статистика және жеке кездесулер

2022 жылдан бері командалар жеті рет кездесіп, жеңістер саны бойынша Ньюкасл Юнайтед 3:2 есебімен алда. Бірақ соңғы екі ойын тең аяқталған. Ағымдағы маусымның бірінші айналымында Ливерпульде қарсыластар голсыз тең түскен.

Болжам

Алдағы матчта «қара-ақтар» букмекерлер үшін анық фаворит саналғанымен, Ньюкасл жеке кездесулерде қатарынан үш матчта жеңіске жете алмай жүр. Ал бұрыштамалар (угловой) саны бойынша алдыңғы ойындарда «сороктар» айқын басымдық танытқан. Жексенбілік кездесуде алаң иелері шабуылға бейімделеді. Сондықтан Ньюкаслдың бұрыштамалар бойынша форасы -2 деген бәс тігуге болады – коэффициент 1.53.

Біздің парақшамыздағы барлық футбол матчтарының нәтижелерін бірінші болып біліңіз Тікелей нәтижелер