17.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нью-Йоркте үш титул үшін күтпеген тең түсу

Ақпан басында Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінің басты оқиғасы Вито Мельницки-кіші (20-1-1, 12 КО) мен Коннор Койл (21-0-1, 9 КО) арасындағы жекпе-жек болды.

Орта салмақта үш беделді титул сарапқа салынды — IBF USBA WBC USA және WBO International. Он-раундтық қарсыластық толық өтіп, төрешілер өз бағаларында екіге бөлінді.

Төрешілер қойған ұпайлар келесідей болды:

  • 96-94 Мельницкидің пайдасына
  • 95-95 тең
  • 95-95 тең

Нәтижесінде жекпе-жек көпшілік шешімімен тең түсті. Ал титулдар бос күйінде қалды. Осы дивизионда Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) — WBO және IBF нұсқалары бойынша қазіргі әлем чемпионы өнер көрсететінін атап өту керек.