08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрсұлтан Шілдебай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрсұлтан Шілдебай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта жартылай финал жекпе-жегі өтті. Онда қазақстандық Нұрсұлтан Шілдебай үндістандық Рахул Кундумен күш сынасты.

Бірінші раундта-ақ төреші Шілдебайға нокдаун санады. Үш раундтың қорытындысында барлық бес төреші (5:0) жеңісті қарсыласына берді. Осылайша, Нұрсұлтан Шілдебай турнирді қола медальмен аяқтады, ал Рахул Кунду финалға жолдама алды.

Бұл біріншілік — World Boxing аясында алғаш рет ұйымдастырылған U19 және U22 жас санатындағы Азия чемпионаты.