08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрсұлтан Қыстаубай Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрсұлтан Қыстаубай Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Таиландта өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Қыстаубай финалға шықты.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда ол үндістандық Гауравпен кездесіп, жекпе-жекті сенімді өткізді. Барлық төреші жеңісті бірауыздан Қыстаубайға берді.

Айта кетерлігі, үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, өзінің айқын басымдығын дәлелдеді.

Осылайша, Нұрсұлтан Қыстаубай Азия чемпионатының финалына жолдама алып, кемінде күміс жүлдені қамтамасыз етті. Ал оның қарсыласы Гаурав — жарыстың қола жүлдегері атанды.