21.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі

IMG 9095

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.

2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.

Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.