27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұрсұлтан Құрман: «Черчесовтың кетуіне төмен көрсеткіштер себеп болды»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуіне бірінші себеп — төмен көрсеткіштер. Бұл туралы Sport Pulse-ке Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман айтты.

Оның сөзінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.

«Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлы Омаровтың Қазақстан футболын дамытуға арналған жаңа стратегиясы бар. Соған сәйкес те, бұл шешім қабылданды. Құжат 17-ші ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы ғимаратында ақпарат саласы қызметкерлеріне арналған баспасөз-маслихатында таныстырылады», — дейді кеңесші.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.