28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрмат Мирзабаев «Тараздың» бас бапкері қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрмат Мирзабаев «Тараздың» бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Нұрмат Мирзабаев 28 шілде күні «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

— Ресми: Нұрмат Мирзабаев «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Атқарған еңбегі мен команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Келесі матчқа команданы бас бапкердің көмекшісі Азиз Анарметов дайындайды. Нұрмат Мирзабаев клубтағы жұмысын QJ League жобаларында координатор ретінде жалғастырады, – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Мирзабаев мамыр айының соңында «Тараз» тізгінін қолға алған еді. Бірінші лигадағы 15 турдан кейін команда 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр.