18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрлыхан Шархан дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрлыхан Шархан дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші айналымына өтті. 2025 жылғы дзюдодан әлем біріншілігі 16 маусымда басталған болатын.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Шархан алғашқы айналымда Түрікменстан өкілі Баймұрад Мәжітовты жеңді.

Енді екінші кезеңде ол бразилиялық Леонардо Гонсалвеспен белдеседі.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты олимпиадалық салмақ дәрежелерінде өтуде және жарысқа әлемнің үздік дзюдошылары жиналған.