Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Нұрлан Оразбаев «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Астаналық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті.

Ол бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған болатын. Сол кезде қабылдаған алғашқы шешімдерінің бірі — Солтүстік Американың барлық хоккейшілерімен келісімшартты бұзу болды. Бұл үшін клуб жүздеген миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

2025 жылдың қаңтарында Оразбаев «Барыстың» балалар мен жасөспірімдер командалары Ресей чемпионатындағы маусымды соңына дейін өткізбейтінін мәлімдеген еді. Алайда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің араласуынан кейін маусымды аяқтау туралы шешім қабылданды. Ал 8 сәуір күні бұл командалардың келесі маусымда да Ресей чемпионатына қатысатыны белгілі болды.

«Шайба.кз» порталының мәліметінше, дәл осы балалар мен жасөспірімдер командаларына қатысты жағдай Нұрлан Оразбаевтың қызметінен кетуіне себеп болған.

Астаналық «Барыс» биылғы маусымда 68 матчта 35 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 12-орынға табан тіреді. Бұл – клуб тарихындағы ең нашар нәтиже.