31.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды алып келді

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

74 келі салмақ дәрежесінде Нұрқожа Қайпанов финалда қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовті 2:1 есебімен жеңіп, Азияның үш дүркін чемпионы атанды.