23.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұрқанат Райыс: Жеңіске жететініме нық сенімдімін

Нұрқанат Райыс: Жеңіске жететініме нық сенімдімін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

Жекпе-жек 23 ақпан Ақтау қаласында Adal promotion компаниясының ұйымдастыруымен өтеді. Нұрқанаттың қарсыласы халықаралық «Странджа» кубогының финалисі ирандық Сажжад Каземзаде Поштири (2-0-1, 2КО). Айқас 6 раундқа жоспарланған.

Нұрқанат Райыс жекпе-жек алдында Sportministiri инстаграм паблигіне берген сұхбатында жеңіске жететініне нық сенімді екенін айтты.

«Дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Осы промоутерлік компанияның алдыңғы қатарлы боксшысы, Мейірім Нұрсұлтанов ағамызбен 6 раундтық жекпе-жекке толыққанды дайындалдық. Ертеңгі жекпе-жекте жеңіске жететініме нық сенімдімін. Әуесқойда 75 келіде жұдырықтасып жүрдім, кәсіпқой боксқа шығу үшін 73 келіге дейін салмақ түсірдім. Салмақ тастау қиын болған жоқ. Физикалық және психологиялық тұрғыдан толық дайынмын.»

Айта кетейік, Нұрқанат Райыс 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 75 келіде чемпионатының жеңімпазы.