06.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұрғали алдағы титулдық жекпе-жек туралы: «Тайтолеуовке қысым көрсетемін»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Нұрғали алдағы титулдық жекпе-жек туралы: «Тайтолеуовке қысым көрсетемін»

Алматылық жауынгер Ұлан Нұрғали, лақап аты «Абду Каххар» Nomad Fighting 12 турнирінде өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін жеңілмеген ол 65 келі салмақтағы белбеу үшін Балқаштан келген файтер Бек «Куба» Тайтолеуовпен күш сынасады.

Айта кететін жәйт, 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион Бейбарыс Жолдасбеков ұзақ медициналық шеттету себебінен атағынан босатылған еді. Енді титулға лайықты жауынгердің есімі 8 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін жекпе-жекте белгілі болмақ.

Ұлан «Кубамен» болатын шайқас алдында Sport Pulse тілшісімен тілдесті.

– Жаттығу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

– Жаттығу жұмыстары жоғарғы дейгейде өтіп жатыр. Күнде еңбектеніп жүрміз. Қазір демалатын уақыт жоқ.

– Дайындығыңды қанша пайызға бағалайсын?

– Жекпе-жекке 100 пайыз дайынмын. Менде қазір рекорд 4-0. Белбеуге үміткермін. Ең басында маған Бейбарыспен төбелесесін деген. Бірақ ол денсаулығына байланысты шыға алмай қалды. Енді қазір белбеу үшін шайқасқа Бек екеуімізді қойып отыр. Кім мықты сол жеңеді ғой.

– Қарсыласың туралы не білесің?

– Қарсыласымды жақсы танимын. Ол боксер. Бір кардта өнер көрсеткенбіз. Кітап сияқты оқыдым ғой мен оны, көрдім қалай төбелесетінін, енді соған қарсы техниканы қойып жатырмын. Міне бұйырса 8-ші ақпан күні келіп, өздеріңіз көретін боласыздар. Әзірге былай болады, былай болады деп айтпаяқ қояйын, тосын сыйларым бар.

– Құпия болмаса, жекпе-жекті жүргізу үлгің қандай болмақ?

– Енді Бек көп жағдайда ұпай үшін төбелесетін жауынгер, ал мен онымен жекпе-жекке шыққаннан кейін бірінші нөмір болып әрекет етемін ғой. Қысым көрсетемін.
Ең басты мақсат белбеуге қол жеткізу. Оны осы Алматыда қалдыру. Сондықтан жекпе-жекте барымды саламын.

Бұған дейін Sport Pulse тілшісі Бек Тайтолеуовпен тілдескен еді.

Сурет: Instagram