20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрданат Айтанов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Нұрданат Айтанов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта «қола» үшін белдесуде қазақстандық Нұрданат Айтанов Қырғызстан өкілі Баяман Керімбековпен кездесті.

Жекпе-жекте қазақстандық 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан өкілі күрес түрлерінен әлем чемпионатында үшінші орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 тамызда аяқталады.