10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрбек Оралбай ширек финалда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрбек Оралбай ширек финалда

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 80 келіде сынға түскен қазақстандық Нұрбек Оралбай Қытайдың атынан бокстасатын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды 5:0 есебімен ұтты.

Көп күткен кездесуде Оралбай алғашқы екі раундтан-ақ жылдамдығы мен дәл соққыларының арқасында басымдыққа шықты. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетейік, осы жұп 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында да жолығып, сол кезде де жеңіс Оралбайға бұйырған еді.

Енді Нұрбек Оралбай ширек финалда Өзбекстан немесе Оңтүстік Корея боксшысының қай жеңгенімен күш сынасады.