Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Нұрбек Мұрсал «Ұлы Жібек жолы» турнирінің финалына жолдама алды

Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал жартылай финалдық кездесуінде сенімді жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

71 келіге дейінгі салмақта Мұрсал Өзбекстан өкілі Сардор Абдумуталиевпен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Бұл нәтиже оған кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті. Ал қарсыласы турнирді қола медальмен аяқтады.

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында тағы бір жартылай финалдық кездесу өтеді — 86 келіге дейінгі салмақта Дәурен Мамыр өзбекстандық Жасұрбек Юлдошевпен рингке шығады.