Оқу уақыты: 1 мин

Нұралы Әліптің командасы Ресей кубогының суперфиналына шыға алмады

Мир Российская Премьер Лига 2022/23, «Торпедо» — «Зенит»

Ресей кубогы финалдық матчының қарымта кездесуінде «Зенит» ЦСКА-дан 0:2 (пенальти бойынша 3:4, бірінші ойын — 2:0) есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – 2:0 (пенальти 4:3, алғашқы ойын – 0:2)

Гол соққандар: Матвей Кисляк 37, Тамерлан Мусаев 90+2.

«Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып 90-минут өнер көрсетті.

45+2 минутта қазақстандық өз айып алаңында қолымен ойнады және VAR-ды қарап шыққаннан кейін пенальти белгіленді. Бірақ Иван Обляков пенальтиді орындай алмады.

Осылайша «Зенит» суперфиналға бір қадам қалғанда Ресей кубогынан шығып қалды.