Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Нұралы Әліптің командасы өз алаңында жеңіске жетті

«Зенит» Ресей кубогының жартылай финалы аясындағы қарымта ойында «Ростовпен» өз алаңында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу де 2:0 есебімен «Зенит» жеңіске жетті.

Гол соққандар: Соболев. А 57, Кассьера. М 64.

Айта кетейік, «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 90-минут өнер көрсетті.