Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Нуралы Әліп «Зенит» сапында Ресей Кубогының жартылай финалында негізгі құрамда шығады

Санкт-Петербордың «Зенит» клубы Ресей Кубогының жартылай финалындағы «Ростовқа» қарсы жауап матчына арналған құрамын жариялады. Бастапқы құрамда Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нуралы Әліп те бар.

Қақпаны Адамов қорғамақ, капитандық міндет жүктелген Нино қорғанысты басқарса, Әліппен бірге Горшков пен Дркушич те артқы шепте ойнайды. Орта алаңда Мимович, Ахметов, Педро және Зделар өнер көрсетеді. Ал шабуыл шебін Соболев пен Кассьерра толықтырады.

Кездесу ертең Санкт-Петерборда, Астана уақытымен 20:00-де басталады. Еске салайық, бірінші матчта «Зенит» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!