11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұралы Әліп «Зенит» матчында алаңға шығып, сары қағаз алды

KazFootball.kz мәліметінше, «Зенит» Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиынында армяндық «Пюникпен» жолдастық матч өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол 60-шы минутта алаңға шыққанымен, 14 минуттан кейін спорттық емес мінез-құлқы үшін сары қағаз алды.

Матчтағы ерекше сәттердің бірі — «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, қазіргі«Зенит» бапкері Анатолий Тимощуктың (45 жас) ойынға қатысуы болды.