Оқу уақыты: 1 мин

Нұралы Әліп доп тебетін «Зенит» жазда алты футболшымен қоштасады

Нұралы Әліп доп тебетін «Зенит» жазда алты футболшымен қоштасады

Telegram-арнасы «Российский футбол: РПЛ» таратқан мәліметке сәйкес, Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы алты ойыншымен келісімшартты тоқтатуға ниетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Еркін агент ретінде команданың қақпашысы Михаил Кержаков, қорғаушы Дмитрий Чистяков және жартылай қорғаушы Александр Ерохин кетуі мүмкін. Клуб бұл футболшылармен келісімшартты ұзартпауға шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, «Зенит» жартылай қорғаушы Ильзат Ахметовпен де қоштасуға бел буған. Клуб басшылығы оны сату немесе жалға беру арқылы командадан кетіруді көздеп отыр.

Тағы бір «кандидат» — бразилиялық Густаво Мантуан. Ол командадағы рөліне риза емес және шабуылдаушы позицияда ойнағысы келеді.

Ал алтыншы ойыншы — Вендел. Ол бұған дейін Бразилияның «Ботафого» клубымен келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, «Зенит» құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.