08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұралы Әліптің командасы «Әл-Хиләл» футболшысын қатарына қосуы мүмкін

Нұралы Әліптің командасы «Әл-Хиләл» футболшысын қатарына қосуы мүмкін

«Әл-Хиләл» командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Малком жуырда клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Aawsat Sport мәліметінше, 28 жастағы бразилиялық футболшы Еуропаға оралу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ол Еуропаның топ-5 лигасындағы клубтарға басымдық беруде және осындай трансфер үшін жалақы жағынан да жеңілдіктер жасауға дайын.

Егер үздік чемпионаттардан лайық ұсыныстар түспесе, Малкомның санкт-петербургтік «Зенитке» оралуы да мүмкін. Дереккөздің ақпараты бойынша, Малкомды «Зенитке» қайтару нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұл келісім аясында оның отандасы Вендел «Әл-Хиләлға» ауысуы ықтимал.

Айта кетейік, 27 жастағы Вендел жазда Бразилияның «Ботафого» клубына ауысуға жақын болған, алайда келісім соңғы сәтте жүзеге аспай қалды. Ол әлі де командасын ауыстыруға ниетті.