10.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұралы Әліп жарақат алды – Ұлттық құраманың қарашадағы ойындарына қатыспауы мүмкін

Нұралы Әліп жарақат алды – Ұлттық құраманың қарашадағы ойындарына қатыспауы мүмкін

Нұралы Әліп Ресей Премьер лигасының 15-турында «Крылья Советов» командасына қарсы өткен ойында жарақат алды. Бұл туралы aladop.kz жазды.

Самарада өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының капитаны 46-шы минутта жарақат алып алаңнан кетті.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Әліп осы айда өтетін Қазақстан құрамасының Бельгия және Фарер аралдарымен болатын матчтарын өткізіп алуы ықтимал. Қорғаушының нақты жағдайы қосымша медициналық тексерістерден кейін белгілі болады.