26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұралы Әліп: «Ең қымбат трофей — Ресей кубогы»

Нұралы Әліп: «Ең қымбат трофей — Ресей кубогы»

Қазақстан құрамасы мен «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп петерборлық клуб сапындағы ең есте қалған ойындарын атады, деп хабарлайды Sports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Үш ең есте қалған ойынды атайық. Біріншісі – әрине, бәріміз білетін Ресей кубогының финалы. Себебі сол кездесуде мен жеңіс голын соқтым. Сондай-ақ, пенальти сериясымен аяқталған ЦСКА-ға қарсы кубоктық матч есімде қалды. Ал ең әсерлі ойын – «Ростовпен» өткен «алтын матч». Біз 0:1 есебімен ұтылып жатып, екі гол соқтық, барлығымыз қуаныштан алаңға жүгіріп шықтық, тіпті «Краснодар» мен «Динамо» арасындағы матчта не болып жатқанын білмей де қалдық, – деді Әліп.

– «Зенит» сапында жеті трофей жеңіп алдыңыз: үш чемпиондық, үш Суперкубок және Кубок. Солардың ішінде ең маңыздылары қайсысы? – Тағы да сол Кубокты айтар едім. Себебі «Балтикаға» қарсы матчтың соңғы минуттарында менің голыммен жеңіске жеттік. Сол маусымда «Зенит» тарихында алғаш рет Ресейдегі барлық турнирлердің жеңімпазы атанды, – деді қорғаушы.