25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Новак Джокович теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты

Новак Джокович теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты

Әлемнің жетінші ракеткасы, серб теннисшісі Новак Джокович пен 19 жастағы америкалық спортшы Лоннер Тиен US Open-2025 турнирінде кездесіп, серб 6:1, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен басым түсіп, «Үлкен дулыға» турнирінде 75-ші кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Opta Sport хабарлауынша, Джокович Open Era-да негізгі кезеңнің жекелей сында осындай жетістікке жеткен алғашқы ойыншы (ерлер немесе әйелдер арасында) атанды. Open Era – кәсіпқой теннис тарихындағы 1968 жылы басталған қазіргі кезең.

Еске салайық, екінші айналымда Джокович тағы бір америкалық Захари Свайдамен кездеседі.