23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Новак Джокович: «Мен теннистен ләззат алып жүргенде ойнай беремін»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сербиялық теннисші Новак Джокович болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

«Мен кортқа шыққан сайын өзімді бақытты сезінгім келеді. Әр матчта мұндай сезім болмауы мүмкін, бірақ әлі де жоғары деңгейде үздіктермен бәсекелесе алсам, ойнауды жалғастыра беремін. Менде қалауы да, жақындарымның қолдауы да бар. Сондықтан қай межеге дейін жететінімді уақыт көрсетеді», – деді Джокович Tennis.com басылымына.

24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы 22 наурызда Майами турнирінің үшінші айналымына шықты. Сербиялық теннисші 86-орындағы Ринки Хидзикатуды 6:0, 7:6 (7:1) есебімен жеңді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!