Оқу уақыты: 1 мин

«Ноттингем Форест» «Манчестер Ситиді» жеңіп, үшінші орынға көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ноттингем Форест» «Манчестер Ситиді» жеңіп, үшінші орынға көтерілді

Ағылшын Премьер-Лигасының 28-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ноттингем Форесттен» 0:1 есебімен ұтылды.

Жалғыз голды 83-минутта Каллум Хадсон-Одои соғып, өз командасына маңызды үш ұпай әкелді.

Бұл жеңістен кейін «Ноттингем Форест» 51 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Манчестер Сити» 47 ұпаймен төртінші орында қалды. Келесі турда «Манчестер Сити» өз алаңында «Брайтонды» қабылдайды, ал «Ноттингем Форест» «Ипсвич Таун» командасына қонаққа барады.