05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ноттингем Форест бразилиялық шабуылшы Игор Жезусты қосып алды

Ноттингем Форест бразилиялық шабуылшы Игор Жезусты қосып алды

Ағылшын Ноттингем Форестінің жаңа ойыншысы — Ботафогодан ауысқан бразилиялық шабуылшы Игор Жезус болды.

Бразилия құрамасы үшін төрт матч өткізген 24 жастағы шабуылшы клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Жуырда өткен Клубтық әлем чемпионатында плей-офф кезеңінде екі гол соғып, ПСЖ-мен матчта үздік ойыншы атанды.

«Мен осы оқиғаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Ұсыныс түскенде — ойланбастан қабылдадым. Мұнда тамаша жұмыс істейтініме үміттімін», — деді Жезус.

Ноттингем Форестің спорт директоры Росс Уилсон ойыншыны ұзақ уақыт бойы бақылағандарын атап өтті — футболшы команданың даму жолындағы мақсаттарын бөліседі.