Оқу уақыты: 2 мин

Ноттингем – Челси: АПЛ ойынына болжам (25.05.2025)

Ноттингем – Челси: АПЛ ойынына болжам (25.05.2025)

25 мамыр 2025 жылы, Астана уақытымен 20:00-де Англия чемпионатының соңғы туры аясында Ноттингем мен Челси арасындағы матч өтеді. Бұл – Чемпиондар лигасына жолдама алу жолындағы қағидалы кездесу. Сондықтан ойын тартысты әрі ымырасыз болмақ. Букмекерлер аздап артықшылықты қонақтарға – Челси командасына береді. Біз командалардың қазіргі формасына тоқталып, матчқа болжам ұсынамыз.

Ноттингем

Жақында ғана «орманшылар» чемпионатта сенімді түрде үшінші орында тұрған еді, тіпті екінші орынға таласуға ниет білдірген. Алайда тәжірибенің және құрам тереңдігінің жетіспеуі өз әсерін берді. Дегенмен, Чемпиондар лигасына таластың өзі – клуб үшін керемет нәтиже. Эшпириту Санту бапкер ретінде зор жұмыс атқарып, команданы осы деңгейге жеткізді. Ал өткен маусымда Ноттингем Чемпионшипке түсіп қалудан әрең аман қалған еді.

Қазір, соңғы тур алдындағы жағдай бойынша, «орманшылар» жетінші орында, ал Чемпиондар лигасына шығу аймағынан бар болғаны бір ұпайға ғана қалып отыр. Айта кету керек, командаға еурокубоктар қатысуы қазірдің өзінде кепілдендірілген. Төмен түспейді. Ал соңғы тур нәтижесіне қарай, Ноттингем келесі маусымда үш еурокубоктық турнирдің қайсысына қатысатыны белгілі болады.

Челси

«Зейнеткерлер» маусымды тұрақсыз өткізуде. Чемпионаттың алғашқы жартысында керемет ойнап, тіпті Челсиді чемпиондыққа үміткер ретінде атай бастағандар да болды. Бірақ маусымның екінші бөлігінде команда ойыны әлдеқайда тұрақсыз бола түсті.

Челсидің маусым соңындағы күнтізбесі өте күрделі. Алдағы матчта жеңілуге болмайды. Тіпті тең нәтиженің өзі команданы Чемпиондар лигасынан тыс қалдырып, Еуропа лигасына түсіруі мүмкін. Бұдан бөлек, Ноттингеммен ойыннан кейін үш күн өткен соң Энцо Марескидің шәкірттері Бетиске қарсы Конференциялар лигасының финалында ойнайды – бұл тағы бір аса маңызды трофейлік кездесу.

Статистика және жеке кездесулер

Соңғы бес жеке кездесудің статистикасы теңдей. Екі команда бір-бір матчтан жеңіп, тағы үш ойын тең нәтижемен аяқталған.

Болжам

Ноттингем – Челси матчына бұрыш добына (угловой) байланысты болжам ұсынамыз. Әсіресе мықты қарсыластарға қарсы ойындарда «орманшылар» алғашқы минуттарда қарсылақтардың қимылын бақылап, бейімделуге тырысады. Сондықтан матч басында өз қақпаларына бұрыш добын жиі жасап алады. Қауіпсіздік үшін кез келген команданың алғашқы 10 минут ішінде бұрыш добын орындайтынына бәс тігуге болады – коэффициент 1.53.

Біздің парақшамыздағы барлық футбол матчтарының нәтижелерін бірінші болып біліңіз Тікелей нәтижелер