Оқу уақыты: 1 мин

Норвегиядағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Норвегиядағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 4 наурыз күні, классикалық стильде 10 шақырымға жекелей жарыс өтеді. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Қазақстан бұл сайысқа ерлер және әйелдер құрамасымен қатысады.

Астана уақытымен 17:30-да ерлер арасындағы жарыс басталады. Біздің құрамадан Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбеков, Олжас Климин, Наиль Башмаков сынға түседі.

Әйелдер арасындағы сайыс 19:30-да басталады. Жүлде үшін Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга күреседі.