08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Норман Пауэлл «Клипперстің» орындалмаған уәдесі туралы айтты

Норман Пауэлл «Клипперстің» орындалмаған уәдесі туралы айтты

«Майами» ойыншысы Норман Пауэлл бұрынғы командасы «Клипперспен» жүргізген келіссөздердің егжей-тегжейін ашты.

«Ашығын айтқанда, біз «Клипперспен» келісімшартты ұзарту туралы, оның шарттарын талқыладық. Маған мені айырбастағылары келмейтінін, қалғыларын қалайтынын айтты – осының бәрі. Бірақ нәтижесінде олар мені айырбастап жіберді», – деді 32 жастағы баскетболшы.

Қазіргі клубымен келісімшартты ұзарту мүмкіндігіне қатысты Пауэлл нақты ұстанымын білдірді:

«Шынын айтсам, мен бұл туралы мүлдем ойланбаймын. Мүлде. Кез келген жылы, келісімшарт немесе ұзарту қарсаңында, менің міндетім – баскетболға көңіл бөліп, командаға жеңіске жетуге көмектесу. Қалған барлығы өздігінен шешіледі. Бұл менің бақылауымнан тыс».

Дереккөз: The South Florida Sun Sentinel