26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Номад» плей-оффтан шығып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстанның Pro Hokei Ligasy мәліметі бойынша, «Номад» хоккей клубы «Арланға» қарсы серияда төрт рет қатарынан жеңіліп, плей-офф кезеңін тоқтатты.

Астаналық клуб сериядағы соңғы ойынды өз алаңында өткізіп, 0:5 есебімен жеңілді. Осылайша, Көкшетаудың «Арланы» ширек финалдық кезеңде 4:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Серия нәтижелері:

  • «Арлан» 3:1 «Номад»
  • «Арлан» 2:0 «Номад»
  • «Номад» 2:3 «Арлан»
  • «Номад» 0:5 «Арлан»

Осы жеңілістен кейін «Номад» үшін маусым аяқталды, ал «Арлан» жартылай финалға шықты.

Былтырға маусымда Қазақстанның Pro Hokei Ligasy-ның финалдық кездесуінде екі команда кездесіп, Көкшетаулық «Арлан» чемпион атанған болатын.