21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Номад» халықаралық турнирдің ашылу матчында «Витебскке» жеңіліп қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Номад» халықаралық турнирдің ашылу матчында «Витебскке» жеңіліп қалды

Еуро-азиялық Достық кубогының бірінші турында астаналық «Номад» Витебск қаласында өткен ойында жергілікті «Витебске» 0:1 есебімен жол берді. Жалғыз гол үшінші периодта соғылды: 51:35-де Листопадов (пас – Астанков) мергендік танытты.

Периодтар бойынша есеп: 0:0, 0:0, 1:0.

Қақпашылар: «Витебск» — Бобарико, «Номад» — Калмыков.